Соня Жиенбаева Испаниядағы екінші турнирінде қатарынан жеңіске жетті

Соня Жиенбаева Испаниядағы екінші турнирінде қатарынан жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Соня ЖиенбаеваИспанияның Виго қаласында мәресіне жеткен W35 санатындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

Әлемдік рейтингте 450-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисші финалда WTA рейтингінің 332-сатысындағы Қытай өкілі Юфей Ренмен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Жиенбаеваның 7:6 (8:6), 7:5 есебімен жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 46 минут өткізді. Бірінші партияның жеңімпазы тай-брейкте анықталып, Соня қарсыласынан басым түсті. Екінші сетте де қазақстандық спортшы басымдығын сақтап, кездесуді жеңіспен аяқтады.

Жиенбаева үшін бұл World Tennis Tour турнирлеріндегі қатарынан екінші титулболды. Бір апта бұрын ол Испанияның Оренсе қаласында өткен жоғары санаттағы W75 турнирінде топ жарған еді. Сол жарыстың финалында Соня болгариялық Изабелла Шиникованы жеңді.

Осылайша, Жиенбаева Испанияда екі апта ішінде қатарынан екі титулды — Оренседегі W75 және Вигодағы W35 турнирлерінің чемпиондық атағын жеңіп алып, кәсіби деңгейдегі сәтті өнерін жалғастырды.



Күн шежіресі