logo

Солтүстік Қазақстанда 3 спортшыға пәтер берілді

Солтүстік Қазақстанда 3 спортшыға пәтер берілді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлем чемпионаттары мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың жаттықтырушыларын марапаттады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Астанада өткен көшпенділер ойындарында Қазақ күресінен Мейіржан Берекетов чемпион атанса, «Бес асықта» Сәния Әскер алтын алды, «Құнан бәйгеде» «Қамысқұлақ» атты сәйгүлікпен шабандоз Әмір Серік жеңімпаз атанды.

Балуанымыз Ислам Евлоев Испанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанса, Иорданияда өткен әлем чемпионатында күрестен Анна Стратан қола жүлдегер атанды.

Қазақ күресінен әлем кубогында Алтынбек Аусағитов жеңіс тұғырына көтерілді. Наталья Богданова – Азиаданың қола жүлдегері.