logo

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғансудан АҚШ-та өтетін жарысқа қатысады

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғансудан АҚШ-та өтетін жарысқа қатысады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина ISU Cranberry Cup International 2025 турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport+.

АҚШ-тың Норвуд қаласында өтетін бұл жарыс 7 тамызда басталады.

9 тамыз күні әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтеді.

Еске сала кетсек, Самоделкина соңғы әлем чемпионатында 14-орын алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.
 



Күн шежіресі