logo

Софья Берульцева 2025 жылға арналған жоспарларын жариялады

Софья Берульцева 2025 жылға арналған жоспарларын жариялады

Каратэ шебері, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Софья Берульцева Sport+ телеарнасындағы «Бірге бір» бағдарламасына берген сұхбатында 2025 жылдың соңына дейінгі басты мақсаттары туралы айтты.

«Биылғы басты мақсат — әлем чемпионаты, алтын медаль жеңіп алу керек. Бірақ бұдан бөлек Азия чемпионаты бар, әр төрт жылда бір өтетін дүниежүзілік ойындар, сондай-ақ төрт жылда бір өтетін Ислам ойындары, әлемдік рейтинг ұпайлары үшін маңызды Премьер-Лиганың екі кезеңі бар. Жоспар көп, енді тек еңбек ету керек», — деді Софья Берульцева. 

Толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.