logo

Сметов сүйікті дзюдогиін Олимпиада мұражайына табыстады

Сметов сүйікті дзюдогиін Олимпиада мұражайына табыстады

Дзюдодан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов Халықаралық Олимпиада комитетінің World of Olympians жобасына қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Жоба барысында қазақстандық спортшы спорттық мансабы туралы айтып, Рио-2016  Олимпиадасының күмісі, Токио-2020 Олимпиадасының қоласы және Париж-2024 Олимпиадасының алтын медаліне дейінгі циклға кеңінен тоқталды. 

Сондай-ақ Сметов сүйікті дзюдогиіне қолтаңба қалдырып, Лозаннадағы Олимпиада мұражайына табыстады. 



Күн шежіресі