logo

Серік Сәпиев: Ендігі үміт — Нұрбек Оралбайда

Серік Сәпиев: Ендігі үміт — Нұрбек Оралбайда

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Парижде Kazinform агенттігіне Нұрбектің алдағы финалы жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Ендігі үміт — Нұрбек Оралбайда. Бүкіл халық Нұрбекке сенім артып отыр. Ол украиналық боксшысымен чемпиондық атақты сарапқа салады. Нұрбектің қарсыласы физикалық тұрғыдан өте мықты боксшы. Ол Олимпиаданың күміс жүлдегері болған. Сондықтан, Нұрбекке ешқандай босаңсуға, қателік жасауға болмайды. Ол екеуі осыған дейін бір рет кездескен. Нұрбек бұл жолы қалай жұдырықтасу керектігін жақсы білуі керек деп ойлаймын. Өз басым, Нұрбекке де, жеке бапкеріне де финалда не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңесімді айттым. Украиналық боксшы көп жағдайда алдыға ұмтыла береді, ал Нұрбек бұндай кезде күтіп алып, тұрып берсе болғаны. Алтын біздікі деп ойлаймын», — деді Сәпиев.



Күн шежіресі