logo

Шавкат Рахмоновтың командасынан файтерлер жаппай кетіп қалды

Шавкат Рахмоновтың командасынан файтерлер жаппай кетіп қалды

Dar Team құрамынан 11 бірдей спортшы кетіп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Олардың қатарында мына саңлақтар бар:

  • Болат Заманбеков (7-2)
  • Нұрболат Әбу (9-2)
  • Бағлан Жақанша (5-1)
  • Тимур Серікұлы (4-2)
  • Ұлан Тамғабаев (9-8)
  • Эльшат Дауров (2-1)
  • Салават Қаби (әуесқой)
  • Елжан Алиасқар (9-4-1)
  • Айдар Жамалов
  • Асқар Жақсылықов (5-2)
  • Айбек Бекболатов (3-0)

Бұл спортшылардың басым бөлігі отандық Naiza промоушенда табысты өнер көрсетіп жүр. 

Дегенмен, әлі күнге дейін олардың ұйымнан неге кеткені нақтыланған жоқ, өздері де тіс жармаған, тек кейбір мәліметтерде олардың жалақы алмағаны туралы жазылуда. Кейбірі басқа залда жаттығып жүргені белгілі. Дәл осы Dar Team қатысушылары қатарында Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев бар екенін айта кеткен жөн.

Ал аралас жекпе-жек шебері Саид Агаев бұл жайтқа қатысты былай дейді:

«Саламалейкум, бұл жерде ұлтқа қатысты мәселе жоқ, мәселе Азиз ағайда да, командада да емес. Бұл жігіттердің нәтижелері жоқ деп жатқандарға айтарым: сендердің естерің дұрыс па? Олар еліміздегі үздік спортшылардың қатарынан және кез келген команда қуана алады».

Осылайша, 11 спортшының кеткені туралы түрлі нұсқалар айтылғанымен, промоушеннің өзі әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.



Күн шежіресі