Шавкат Рахмонов Белалмен жекпе-жектен бас тарту себептерін түсіндірді

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы титулдық жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Титул үшін алғашқылардың бірі болып мүмкіндік бергені үшін UFC-ге үлкен алғыс айтамын. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты мамыр айына дейін дайын бола алмаймын. Биыл кейінірек жеңімпазбен кездесемін!», — деп жазды Шавкат өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.