Шавкат Рахмонов: «Басты мақсатым – чемпиондық белбеу»
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов арнайы өткізілген баспасөз маслихатында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.
– Бүгінгі Шавкаттың тұлғасына қалай жеттіңіз? Сіздің Өзбекстаннан көшіп келгеніңіз маңсабыңызға кедергі әкелмеді ме?
– Жоқ, ешқандай кедергі келтірмеді. Барлық адам бірдей емес: іштерінде не қолдайтын, не көре алмайтындары да бар. Осындай деңгейіме жеткеніме өте қуаныштымын, барлығы Алланың қалауымен болды.
– Томпсонға қарсы жекпе-жек көңіліңізден шықты ма? Жалпы ойыңызбен бөлісіп кетсеңіз. Сонымен қоса Эдвардс пен Ковингтонның қатысуымен өткен басты жекпе-жек сізге ұнады ма?
– Шынымды айтсам, басты жекпе-жекті толықтай көре алған жоқпын, тек бір-екі раунды ғана тамашалай алдым. Ол маған қызық болған жоқ, себебі өзімнің жеңісімнен кейін оларды қарайтын аса уақыт болған жоқ. Әрине Леон жеңді, қазіргі таңда ол – чемпион. Біз әрқашан дайынбыз, бірақ уақыт бәрін көрсетер.
Менің жекпе-жегіме келсек, ол өзім қалағандай өтті. Томпсонға ешқандай мүмкіндік берген жоқпын. Жекпе-жек қызықсыз өтсе де, мен мерзімнен бұрын жеңіске жеттім.
– Шавкат, сізді рейтингте үшінші орынға көтерілуіңізбен құттықтаймын. Алдыңызда тек Белал Мухаммед пен Камару Усман жайғасып тұр. Осы жұптан сізге кіммен жекпе-жекке шығу қызығырақ?
– Усманмен қызығырақ болып тұр, Белал шықпайтын да сияқты. Дегенмен, жалпы мен ешқайсысын таңдамаймын, бірақ тезірек белбеу үшін төбелескім келеді. Бұнын бәріне уақыт кажет, себебі кім кіммен шығатыны әлі белгісіз.
– Өткенде президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенде сіздің UFC-дегі жекпе-жектеріңізді жергілікті телеарналарымызда көрсетуін сұраған едіңіз. Қазіргі таңда бұл мәселе жайлы жаңалықтар бар ма?
– Қайта-қайта айтқаным біртүрлі секілді. Біз тілегімізді жеткіздік, әрі қарай уақыт көрсетер. Әрине, біздің халық күтіп отыр осы жекпе-жектерімізді. Шынымды айтсам, білмеймін неге көрсетпей жатқандарын.
– Соңғы жекпе-жегіңізден алған қаржы жайлы айта кетсеңіз. Кейбір деректерге сенсек, Томпсоннан екі есе аз алған екенсіз, солай ма?
– Мен Стивеннің қанша алғанын білмеймін. Сіздің айтқан мәліметіңіз қате – менің алған қаражатым одан да көп. Қазір тарап жатқан ақпараттарға қарағанда, мен одан көп алдым десек болады. Ал өз тапқан табысымды айта алмаймын. Жалпы айтпай-ақ қояйыншы, неғыласыздар біреудің ақшасын санап.