logo

Сауль «Канело» Альварес әлемнің абсолютті чемпионы атағын сарапқа салады

Сауль «Канело» Альварес әлемнің абсолютті чемпионы атағын сарапқа салады

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес пен Хайме Мунгия супер орта салмақтағы абсолютті чемпиондық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде «Канело» қарсыласына қарағанда 300 грамм жеңіл болып шықты. Оның салмағы 75,6 кг. Ал Мунгиияның салмағы 75,9 кг тарты.

Екі мексикалық боксшы арасындағы текетіресте орта салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBF белбеулері сарапқа салынады.

Жекпе-жек 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні Лас-Вегастағы T-mobile аренасында өтеді.



Күн шежіресі