Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жауынгер Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті,  деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) ел намысын қорғады.

Санжар финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды.

Осылайша қазақстандық жауынгер Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.



Күн шежіресі