logo

Шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандық спортшылар командалық спринтте бақ сынайды

Шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандық спортшылар командалық спринтте бақ сынайды

Бүгін, 12 желтоқсанда, Швейцарияның Давос қаласында шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы жүлделер командалық спринт сайысында сарапқа салынады.

Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан атынан екі командадан қатысады.

Жарыс жолына келесі дуэттер шығады: Әмірғали Мұратбеков / Виталий Пухкало, Ілияс Исабеков / Ернар Нұрсбеков, Анна Мельник / Ангелина Шурыга, Дарья Ряжко / Надежда Степашкина.



Күн шежіресі