logo
Live

Армат Арманұлы кәсіпқой бокстағы дебюті жайында айтты

Армат Арманұлы кәсіпқой бокстағы дебюті жайында айтты

Әуесқой бокстан Қазақстан чемпионы, өткен айда Elorda Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған Армат Арманұлы кәсіпқой бокста алғашқы қадамын жасамақ. Спорттық мансабындағы маңызды өзгеріс жайында боксшы Sport Plus Qazaqstan тілшісіне айтты.

«Түбегейлі кәсіпқой боксқа ауыстым деп айта алмаймын. Екі жақта да өнер көрсеткім келеді. Бір келісім шартқа қол қойып, осы жақта өз шамамды байқап, қандай ерекшелігім бар екенін көргім келеді. Кәсіпқойлар рингіне қызығушылығым болды, сол үшін осы қадамға бардым. Қазіргі уақытта жекпе жекке жүз пайыз дайынмын деп айта аламын. Психологиялық және техникалық тұрғыдан дайындық жүргіздім, жылдамдықты арттыруға күш салдым. Халықаралық кездесуде қазақтың кім екенін көрсеткім келеді. 

Ұлттық құрамамен бірге Астанада жаттығу жиынында болдым. Кейін Алматыға келіп те жаттығуды тоқтатпадым. Тауға көтеріліп, физикалық дайындықты арттырдым. Жанкүйерлер қолдау көрсетеді деген үміттемін»

Армат Арманұлы 8 маусым күні Irfin Promotions ұйымдастыруымен Шымкентте өтетін бокс кешінде ресейлік Никита Горшковпен (5-1, 1 КО) күш байқасады. Турнирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және сайттан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Басталуы 19:00-де.