Самирхон Абабакиров таеквондодан жазғы Универсиаданың жеңімпазы атанды

Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Германиядағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерлесіміз 63 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады.
Самирхон ақтық сында Түркия елінің өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін отандастарымыз алты қола медаль еншілеген болатын.