logo

Саламат Исбулаев UFC-дің бұрынғы жауынгерімен жұдырықтасады

Саламат Исбулаев UFC-дің бұрынғы жауынгерімен жұдырықтасады

Қазақстандық жеңіліс дәмін сезбеген файтер, «Alash Pride» лигасының чемпионы Саламат Исбулаев (8-0) Астанада өтетін лига турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Саламаттың қарсыласы — UFC, ACA және басқа да лигаларда өнер көрсеткен бразилиялық Дилено Лопес (21-9). Дилено «Alash Pride» лигасындағы дебютінде Бағдос Олжабайдан жеңілген болатын.

Исбулаев соңғы жекпе-жегін Қытайдың JCK лигасында өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

«Сәлем, Қазақстан! Жақында мен Астанаға Саламат Исбулаевпен болатын жекпе-жекке келемін. Бұл жолы мен жеңісті Бразилияға алып кетемін. Эй, Саламат, сені UFC-ге шақырып жатыр деп естідім. Мен сол жолды саған жаппақпын. Сенің деңгейің — ТМД аймағында ғана жекпе-жек өткізу», — деп мәлімдеді Лопес әлеуметтік желідегі видеосында.

«Alash Pride» 108 турнирі Астанада 27 мамыр күні өтеді.



Күн шежіресі