logo

Саламат Исбулаев Bellator лигасының бұрынғы чемпионымен PFL екінші жекпе-жегін өткізеді

Саламат Исбулаев Bellator лигасының бұрынғы чемпионымен PFL екінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық ММА жауынгері Саламат Исбулаев (10-0) PFL ұйымындағы екінші жекпе-жегіне мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport+. 

Оның қарсыласы америкалық А Джей Макки (24-2) болады.

Америкалық спортшы 66 келіге дейінгі салмақта лига рейтингінде 2-орында тұр, ал Саламат алғашқы жеңісінен кейін 6-орынға көтерілді.

Макки 2021 жылы «Питбуль» Фрейрені тұншықтыру әдісімен жеңіп, Bellator лигасының чемпионы атанды. Алайда қарымта кездесуде жеңіліп, белбеу бразилиялық спортшыға өтті.

Жекпе-жек 27 маусым күні Сан-Диегода өтеді.



Күн шежіресі