Саламат Исбулаев шетелдік лигамен келісімшартқа қол қойды

«Alash Pride» лигасының чемпионы, жеңілмеген Саламат Исбулаев әлемдегі ең ірі промоушендердің бірі — Professional Fighters League-пен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ «Еркін Күш» клубына сілтеме жасап.
«Өз командамa, бапкерлеріме және сенгендердің бәріне алғыс айтамын. Алда жекпе-жек! Нағыз еңбекті көресіздер. PFL — мен келемін. Дайын болыңдар», — деп келісімшартқа қол қоюды Исбулаевтың өзі түсіндірді.