Шайлан Нұрданбек: NAIZA-да жекпе-жек өткізу үшін UFC-пен келісімшартымды бұздым

Шайлан Нұрданбек: NAIZA-да жекпе-жек өткізу үшін UFC-пен келісімшартымды бұздым

UFC ұйымының бұрынғы файтері Шайлан Нұрданбек NAIZA лигасындағы дебюті туралы пікір білдірді:

«NAIZA-да жекпе-жек өткізу үшін UFC-пен келісімшартымды бұздым. Мұның өзіндік себебі бар, өйткені ұйым екі жыл бойы маған ешқандай жекпе-жек ұсынбады. UFC Шанхайда турнир өткізген кезде де маған кездесу берілмеген соң, келісімшартты бұзу туралы ойлана бастадым. Спорттық мансабымның аяқталуына шамамен үш жыл қалды, сол уақыттың зая кеткенін қаламаймын», - деді Нұрданбек. 

Шайлан 8 тамыз күні өтетін турнирде Глейсон Тибаумен жекпе-жек өткізеді.



Күн шежіресі