Сабыржан Аққалықов Странджа кубогының жеңімпазы атанды
 
                                            Болгарияда өткен Странджа кубогының 75 кг салмақ дәрежесіндегі финалы жойылды, деп хабарлайды Sport+.
Финалда қазақстандықтар Тимур Нұрсеитов пен Сабыржан Аққалықов кездесуі керек еді. Алайда, Тимур жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.
Осылайша, жеңіс Сабыржан Аққалықовқа берілді.
 
    