Дэвис өз белбеуін қорғайды. Джервонта Дэвис – Ламонт Роуч жекпе-жегінің тікелей эфирі

2 наурыз таңертең Нью-Йоркте бокс кеші өтеді. Оның басты оқиғасы — WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, жұлдызды боксшы Джервонта Дэвис пен екінші жартылай жеңіл салмақтағы белбеу иегері Ламонт Роуч арасындағы титулдық жекпе-жек болмақ.
Сонымен қатар, кеш аясында тағы екі чемпиондық айқас өтеді. WBA бірінші жартылай орта салмақ белбеуі үшін Хосе Валенсуэла мен Гэри Антуанн Расселл кездеседі. Ал осы салмақтағы WBC титулы үшін Альберто Пуэльо мен Сандор Мартин шайқасады.
Бокс кеші сағат 05:00–де басталады. Оны тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.