logo

Руслан Сариев UFC-дің бұрынғы жауынгерімен кездеседі

Руслан Сариев UFC-дің бұрынғы жауынгерімен кездеседі

Астанада өтетін «Alash Pride» 108 турнирінде лига чемпионы Руслан Сариев UFC-дің бұрынғы файтері Франсиско Фигередомен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Франсиско — UFC-дің экс-чемпионы Дейвисон Фигередоның туған інісі. Ол әлемнің ең үздік лигасында төрт жекпе-жек өткізіп, екі жеңіс пен екі жеңіліс тіркеген. Соңғы жекпе-жегін Фигередо Түркияда өткізіп, бірінші раундта Джамалуддин Алиевтен нокаутпен жеңілген.

Руслан Сариев соңғы кездесуінде Бразилиялық UFC-дің тағы бір бұрынғы файтері Рауан Пайваны жеңді. Бұл жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен Русланның пайдасына аяқталды.

Сариев пен Фигередо арасындағы жекпе-жек 27 мамыр күні Астанада өтеді. Турнирді тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.



Күн шежіресі