logo

Резников: Раисовпен үшінші жекпе-жек өткізгім келеді

Резников: Раисовпен үшінші жекпе-жек өткізгім келеді

Қазақстандық танымал жеңіл салмақтағы АСА файтері Артем Резников ресейлік Юсуф Раисовпен үшінші жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

8 ақпанда Краснодарда өткен ACA 183 турнирінде Резников пен Раисов реванш өткізіп, жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Нәтижесінде Юсуф BMF (Best Media Fighter) белбеуін жеңіп алды.

«Әрине, мен Раисовпен үшінші жекпе-жек өткізгім келеді, бірақ қазір бұл мүмкін емес және дұрыс та болмайды. Маған кем дегенде үш жекпе-жекте жеңіске жету керек. Егер жеңістер сериясын жалғастырсам, Юсуфтан реванш сұраймын. Мен оған екінші жекпе-жек беру туралы мүмкіндік жасадым, менің ойымша, ол да солай істеуі керек», – деді Резников «Вестник MMA»YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, олардың алғашқы кездесуі 2020 жылдың қыркүйегінде ACA 111 турнирінде өткен болатын. Сол кезде Резников төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Қазіргі таңда Артем Резниковтың рекорды – 25 жеңіс, 9 жеңіліс, ал Юсуф Раисовтың көрсеткіші – 22 жеңіс, 3 жеңіліс.