Раулиан Пайва: Қазақстандық хейтерлерді мені құрметтеуге мәжбүр етемін!
Бразилиялық аралас жекпе-жек жауынгері Раулиан Пайва қазақстандық ММА жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sport+.
«Егер мен Жалғасты жеңсем, онда Руслан мен үшін жеңіл серуен болады! 1 қарашада кездесеміз, қазақстандық хейтерлерім. Мен сіздерді мені құрметтеуге мәжбүр етемін», – деп мәлімдеді бразилиялық спортшы.
Еске салайық, Пайва 2020 жылы шілдеде UFC 251 турнирінде Жалғас Жұмағұловты жеңген, бірақ екі жылдан кейін UFC on ESPN 38 турнирінде қазақстандық Сергей Морозовтан жеңіліп қалған еді.
Алда Пайваның 1 қарашада Алматыда өтетін Alash Pride FC 101 турнирінде Руслан Сариевке қарсы жекпе-жегі күтіп тұр.
Осы кештің тікелей трансляциясын Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көре аласыздар.