logo

Қызды ұрып-соғып, электрошокермен қинаған: Жанқош Тұраровты айыптаған Әнару Құрманәлінің адвокаты іске қатысты сұмдық деректерді айтты

Қызды ұрып-соғып, электрошокермен қинаған: Жанқош Тұраровты айыптаған Әнару Құрманәлінің адвокаты іске қатысты сұмдық деректерді айтты

Ләззат Ахатованың айтуынша, Қонаевта орын алған зорлау әрекетіне де Жанқош Тұраровтың қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan madeniportal.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осыдан 3-4 ай бұрын қоштасамыз деген де, Қонаевта зорлық фактісі орын алды. Байланысты үземін деген кезде күш көрсету де, қылмыста орын алады» - дейді ол. 

Адвокаттың айтуынша, Жанқош Тұраров тергеу кезінде заңсыздықтарға жол берген.

«Әуезов аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне шағым білдірдім. Беттестіру хаттамасы 20-ы тамыз күні өткен. Әнаруға қысым жасалған. Тергеу амалы жүретінін айтпаған. Полицияға келсе Жанқош Тұраров екі адвокатымен тұрған. 2018-ден бері зорланғанын дәлелдей алмай жүрген қызға кәдімгідей қысым көрсетілген. Тиісті органдарға шағым бердік. Прокуратураға бердік. Үш күн күтеміз. Жауап болмаса, тергеу сотына беремін. Әнаруға 25-30 сұрақ қойылған, Жанқош Тұраровқа бір сұрақ қойылған. Тек бір жақты жәбірленушіге қысым көрсетіп сұрақ қоя берген. «Сені зорлаған жоқ қой», «өз еркіңмен болдың ғой» деп оны көндіруге тырысқан. Тергеу амалы заңсыз жүргізілген», -  деп ашық айтты адвокат.