Сұлтан Зауырбектің шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (16-0, 12 КО) бір айдан соң шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Дереккөз мәліметінше, жерлесіміздің алдағы айқасы 1 наурызға жоспарланған. Ол Британияның Телфорд қаласындағы Telford International Centre стадионында өтеді.
Қазір Зауырбектің өзі қызу дайындық жұмыстарын жүргізуде. Алайда қарсыласының есімі де, қандай атақтар сарапқа салынатыны да әзірге белгісіз.
Бұған дейін Сұлтан қарашада Брайтонда (Англия) кездесу өткізіп, аргентиналық Серхио Мартин Сосаны (13-4, 3 КО) алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Сол арқылы ол WBO Global чемпионы атағын иеленді.
Сұлтанды көпшілік Геннадий Головкинмен салыстырады (42-2-1, 37 КО).