Хосе Джонсонның салмағы Алмабаевтан ауырлау болып шықты
АҚШ-да 15-нен 16 маусымға қараған түні өтетін UFC турнирі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевтың салмағы 56,92 келі болды, оның қарсыласы Хосе Джонсон – 57,15 келі.
Тағы бір Қытайда тұратын этникалық қазақ Шайлан Нұрданбек салмақ өлшеуде 65,99 келі көрсетті, оның қарсыласы – бразилиялық Миелкизаэл Коста одан 20 грамм жеңіл болды.
Тагир Уланбеков пен Джошуа Ван арасындағы жекпе-жек салмақ категориясындағы мәселелерге байланысты өтпейтін болды, себебі ресейлік жауынгер салмақ талаптарын орындай алмады.