Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: қазақстандық боксшылар турнирді кімдерге қарсы бастайды
Гуйянда (Қытай) бокстан Әлем кубогының екінші кезеңіндегі қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеребе қорытындысы бойынша ұлттық құраманың өкілдері халықаралық турнирді келесі қарсыластарға қарсы бастайды:
Ерлер
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай — Кин Хиу Тан (Гонконг) мен Анварэан Ходжиев (Қырғызстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов — Келви Триндади (Бразилия)
60 келіге дейін: Серік Теміржанов — Денис Бриль (Германия)
65 келіге дейін: Санатәлі Төлтаев — Малик Хасанов (Әзербайжан)
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов — Кайан Рейс (Бразилия)
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов — Тиг О’Доннелл (Ирландия)
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов — Ван Сяобао (Қытай)
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай — Ким Гичэ (Оңтүстік Корея)
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай — Наджай Райт (АҚШ)
Әйелдер
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова — Ирисмар Кардосо (Колумбия) мен Чутхамат Раксат (Таиланд) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі
54 келіге дейін: Назым Қызайбай — Им Эджи (Оңтүстік Корея)
60 келіге дейін: Виктория Графеева — Мария Аль-Ахмадие (Канада) мен О Ён Джи (Оңтүстік Корея) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі
65 келіге дейін: Аида Әбікеева — Мария Росендо (АҚШ) мен Цэцэгдари Мягмарсурен (Моңғолия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді — Дуния Мартинес Мас
75 келіге дейін: Наталья Богданова — Бао Цзыи (Қытай)
80 келіге дейін: Валерия Аксенова — Давина Мишель (Франция) мен Рухшона Парпиева (Өзбекстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова — Клиона Дарси (Ирландия)
Айта кетейік, Қытайдағы Әлем кубогының кезеңі 15 маусымда басталады.