Қытайдағы бокстан Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.
Ерлер
50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
60 келіге дейін: Серік Теміржанов
65 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Әйелдер
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін: Назым Қызайбай
60 келіге дейін: Виктория Графеева
65 келіге дейін: Аида Әбікеева
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
75 келіге дейін: Наталья Богданова
80 келіге дейін: Валерия Аксенова
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.