Қысқы бас киімі бар: Тамара Дүйсенова олимпиадашылардың формасына баға берді
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қазақстандық спортшылардың олимпиадалық формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Үкімет клуарында Тамара Дүйсеноваға ел спортшыларының Парижге баратын формасына қатысты сұрақ қойылды.
«Менің ойымша, бұл жақсы форма», - деп бағалады Тамара Дүйсенова.
Бұған журналистер моңғолиялық олимпиадашылардың формасы әлдеқайда әдемі екенін айтып, қарсылық білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының киімдерінің арасында қысқы бас киімдері бар, бірақ Париждегі Олимпиада жазда өтеді.
«Әркімге өз формасы ұнайды. Біз өзіміздікін жақсы көреміз. Әріптестер, жап-жақсы форма, одан да нәтиже күтейік», - деп қосты Тамара Дүйсенова.