Қырғызстанда киіз үй тәріздес футбол стадионы салынбақ
Қырғызстан астанасы Бішкекте 45 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион бой көтереді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Спорттық ғимараттың құрылысына шетелдік компаниялар жауап бермек. Футбол алаңы барлық заманауи талапқа сәйкес болады.
Сонымен қатар 45 мың жанкүйерге арналған стадион киіз үйге ұқсастырылып салынбақ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров стадионның жұмыстарын елдің ҰҚК жіті бақылауына тапсырды.
Көршілес елдің қазір қолданыстағы сыйымдылығы жоғары стадион ретінде «Алға» клубының «Долон Өмірзақов» атындағы спорттық нысанын айтсақ болады. Ол алаң 23 мың жанкүйерге арналған.