Құрманғалиев Сингапурдағы жарыстың ширек финалында сүрінді
Алан Құрманғалиев Сингапурда өтіп жатқан «WTT Singapore Youth Smash» халықаралық турниріндегі өнерін аяқтады.
Қазақстандық спортшы U19 жас санатында Дания өкілі Доминикас Самуолисті 4:1, Қытай спортшысы Ю Хайянды 4:1, Сингапурлық Сеа Бенайяны 4:3 және Лой Син Яоны 4:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда тартысты кездесуде колумбиялық Эмануэль Отальвароға 3:4 есебімен жол берді.