Құрбан Бердыев өзінің командасына «Шахтердің» қорғаушысын алды
Колумбиялық ойыншы Франциско Кампо ресейлік «Динамо Махачкалаға» ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы «ФНЛ с Ильевым» телеграм каналы хабарлады.
23-жасар Кампо 2023 жылғы маусымды қарағандылық «Шахтер» сапында өткізіп, ел чемпионаты аясында 19 ойынға қатысып, 2 нәтижелі соққының авторы атанды.
Бердыевтың командасына Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен тағы бір ойыншы қосылады деп кутілуде. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Антон Крачковский жақын арада Кампоның командаласы атануы мүмкін.