logo

Асқар Әбілдаев «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры атанды

Асқар Әбілдаев «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры атанды

Қарағандылық «Шахтер» атқарушы директор лауазымына 52-жасар қазақстандық маман Асқар Әбілдаевты тағайындау туралы жариялады.

Аталмыш шешімді қарағандылық клубтың Директорлар кеңесі қабылдады.

Бұған дейін бұл қызметте Еран Оразаев жұмыс істеген, ол келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты орнын босатты.

Асқар Әбілдаев Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол департаментінің директоры және «Шахтер» (2008-2011, 2016-2017) және «Каспий» атқарушы директоры, «Астана» спорт директоры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Қазақстан футзалы қауымдастығының президенті және Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры болды.

Әбілдаев бұрын белгілі қазақстандық футболшы, қарағандылық «Шахтер», павлодарлық «Ансат» және алматылық «Қайраттың» намысын қорғаған.