ҚР ҰОК Олимпиадаға арнап ұлттық нақыштағы кәдесыйлар дайындады
Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына бүгін тура он күн қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталған төртжылдық басты додаға Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 80 жолдама жеңіп алды.
Осыған орай ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Париждегі Олимпиада ойындарына арнап еліміздің мәдени ерекшеліктерін айшықтайтын белгішелер дайындады. Дайындалған әрбір бұйымдар қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, олар бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығына белгіленген.
Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.
Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.