Дзюдодан Ташкентте (Өзбекстан) өтетін кадеттер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған халықаралық бәсекеде ел намысын он спортшы қорғайды.

Ұлдар:

55 келіге дейін: Ернат Кеңесбек 60 келіге дейін: Расулхан Ғабит, Аслан Ерғалиев 

66 келіге дейін: Ерік Үсенов 

90 келіден жоғары: Ердәулет Жұмабай

Қыздар:

40 келіге дейін: Адия Жанахмет 57 келіге дейін: Аружан Сәрсенова, Інжу Жұмажан 

63 келіге дейін: Әсия Сариева 

70 келіден жоғары: Тоғжан Төлебай

Айта кетейік, Гран-при кезеңі 24-25 қараша аралығында өтеді.