Қазақстандық дзюдошы Асқар Біржанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерлесіміз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Никита Юдановпен кездесті. Нәтижесінде Асқар Біржанов жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды.
Осылайша ол әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.
