Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бағдарламаның соңғы жарысы аралас командалық бәсеке болды. Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Жапониямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл жарысты бір алтын, бір қола медальмен аяқтады.
Санжар Еруланұлы 100 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Асқар Біржанов үшінші орын алды.
Сондай-ақ 100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Командалық есепте Қазақстан жетінші орынға жайғасты.
