Қазақстанның қазіргі бессайыстан U19 әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды
Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Испанияның Мадрид қаласында өтетін U19 әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бапкерлер штабы жарысқа қатысатын жеті спортшыны таңдады.
Мадридте Қазақстан намысын Ерасыл Артықбай, Степан Варехин, Артур Лапин, Амаль Кусаинов, Диана Щедрова, Сабина Ахмедина және Яна Беспалова қорғайды.
Әлем чемпионаты 22-28 тамыз аралығында өтеді.