Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогы кезеңін бастады

Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогы кезеңін бастады

Осы күндері Будапешт қаласында қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі халықаралық турнирде Қазақстан намысын Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Әбдірайымов, Константин Сычев, Полина Андреева және Диана Щедрова қорғауда.

Жарыс аясында әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі өтті. Алайда қазақстандық спортшылар жартылай финалға өте алмады.

Алда ерлер арасындағы іріктеу жарыстары өтеді.



Күн шежіресі