Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі
Қытайдың Гуйян қаласында тамыз айында қазіргі бессайыстан 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының атынан әлем чемпионатына тоғыз спортшы қатысады. Құрама сапына мына бессайысшылар енді:
- Темірлан Абдраимов
- Лев Чувашов
- Кирилл Стадник
- Тихон Варехин
- Данил Богданов
- Ярославна Понер
- Аяна Қазбекова
- Анастасия Кочеткова
- Юлиана Петрова
Айта кетейік, әлем чемпионаты 24-30 тамыз аралығында өтеді.