logo

Қазақстанның көркем гимнастикадан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысатын құрамы жариялады

Қазақстанның көркем гимнастикадан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысатын құрамы жариялады

16 мамыр күні Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+.

Жеке бағдарламада Қазақстанның намысын екі спортшы қорғайды — Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова жүлде үшін бақ сынайды.

Топтық жаттығуларда ел құрамасының сапында Жасмин Жұнұсбаева, Айзере Кеңес, Аида Хакимжанова, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетеді.

Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.



Күн шежіресі