Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықаcынға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді
Қазақстандық балуандар Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықаcынға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді, деп хабарлайды Sport+.
Құрметті атақтарды спортшыларға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесу барысында табыстады. Сонымен қатар, министр Жәмила Бақбергенова мен Нұрқожа Қайпановты да құттықтады.
«Біздің спортшыларымыз Албанияда өткен чемпионатта ерекше шеберлік пен қайсарлық танытып, әлемді бағындырды. Бұл жеңіс тек спортшыларды ғана емес, бүкіл қазақстандықтарды шабыттандырады. Сіздердің жетістіктеріңіз – жастарға үлгі, нағыз патриотизм мен биік мақсаттарға ұмтылыстың символы. Әсіресе, алтын медаль иеленген Нұрқожа Қайпановтың жетістігін және жоғары спорттық деңгейін дәлелдеген күміс жүлдегерлер Ержет Жарлықаcын мен Жәмила Бақбергенованы ерекше атап өткім келеді. Екі жас ерекшелік санатында әлем чемпионы атанып, өз салмағында рекорд орнатқан Ризабек Айтмұхан ерекше құрметке лайық. Оның жетістіктері 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуге жол ашады деп сенемін», — деді Мырзабосынов.
Қазан айында Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатында қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Нұрқожа Қайпанов олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионы атанса, Жәмила Бақбергенова мен Ержет Жарлықаcын күміс жүлдегер атанды.