Қазақстандықтар боксшылар Странджа кубогында тағы үш алтын жеңіп алды (видео)

Болгарияда бокстан халықаралық Странджа кубогы аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Соңғы күні ерлер арасында финалдық жекпе-жектер өтіп, кешкі сессияда Қазақстан қоржынына үш алтын медаль түсті.
63,5 келі салмақ дәрежесінде Ертуған Зейнуллов Мұхаммедсабыр Базарбайұлынан басым түсті.
67 келі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан алғаш рет ірі халықаралық жарыста жеңіске жетіп, әзербайжандық Заур Гахрамановты төрешілердің көпшілік шешімімен ұтты.
Сондай-ақ, Абылайхан Жүсіпов финалда тағы бір қазақстандық Фарух Тоқтасыновты жеңіп, алтын медаль еншіледі.