logo

Қазақстандық жүзуші Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзуші Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.

Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.

Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.