logo

Қазақстандық жауынгер Қайрат Ахметов: UFC-дің 11 дүркін чемпионы менімен төбелескісі келмеді

Қазақстандық жауынгер Қайрат Ахметов: UFC-дің 11 дүркін чемпионы менімен төбелескісі келмеді

ММА-дан спорт шебері Қайрат Ахметов Sport+ телеарнасының құрметті қонағы болып, Деметриус Джонсонмен өтпей қалған жекпе-жегі жайлы ой бөлісті.

«UFC-дің 11 дүркін чемпионы және ONE FC чемпионы, аңыз адам Деметриус Джонсонмен жұдырықтасуым керек еді. АҚШ-та ресми стердаун да болды. Мен бірінші нөмірлі және чемпиондыққа үміткер болдым. Өзара келісімге келгенбіз, бірақ бұл жекпе-жек орын алмады. Менің ойымша, шын мәнінде Джонсон менімен кездескісі келмеді. Бұл қорыққаннан емес, ол маған мүмкіндік бергісі келмеді деп ойлаймын. Осындай бір әттеген-ай бар», — деді Ахметов.

Қайрат Ахметовпен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көруге болады. 



Күн шежіресі