logo

Қазақстандық хоккейші мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады

Қазақстандық хоккейші мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы өзінің түлегі Всеволод Логвинмен келісімшарттың бұзылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл тұралы «Барыстың» бас менеджері Олег Болякин хабарлады. 

«Логвин жасына қарай елдегі жетекші ойыншылардың бірі. Сондықтан біз оны өз клубымызда сақтағымыз келеді. Бірақ бүгінгі күнге дейін Всеволод өз күшін Солтүстік Америкада сынап көруді шешті. Жігітке сәттілік тілеу ғана қалады! Біз оның кейінгі мансабын қадағалайтын боламыз», – деді Болякин. 

Логвин осы маусымда негізгі команда құрамында дебют жасап, 24 ойында шабуылшы екі шайба лақтырды. Сондай-ақ, «Қар барыстары» үшін сегіз ойында Логвин 8 (5+3) ұпай жинады.