Қазақстандық теннисшілер ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева мен чехиялық Ивана Себестова бастапқы матчта болгариялық Ива Иванова – словениялық Эла Нала Миличті оңай жеңді – 6:1, 6:2.
Қазақстандық-чехиялық жұп жартылай финалға шығу үшін ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардавамен таласады.
Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова – Аружан Сағындықова алғашқы айналымда ресейлік Марианна Шиханова – мысырлық Хамс Метвалиді жолдан тайдырды – 6:1, 6:3.
Асылжан мен Аружанның ширек финалдағы қарсыластары – ресейлік Софья Гапанькова мен Ксения Ерш.