1–6 қаңтар аралығында Аустралияның Перт қаласында өтетін United Cup теннис турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport+.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы АҚШ және Хорватия командаларымен кездеседі.
United Cup турниріне ерлер мен әйелдерден құралған аралас құрамалар қатысады.
Өткен маусымда қазақстандық теннисшілер Перт қаласында өнер көрсеткен жоқ. Ал 2025 жылы аталған турнирде Қазақстан намысын Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева және Александр Недовесов қорғаған болатын.