logo

Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды

Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.



Күн шежіресі