logo

Қазақстандық спортшы UFC-де допингпен ұсталды

Қазақстандық спортшы UFC-де допингпен ұсталды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ідірис Ultimate Fighting Championship ұйымында допингке байланысты бір жылға шеттетілді, деп хабарлайды Sport+.

Жаза мерзімі 2027 жылдың 21 ақпанына дейін жалғасады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Жекпе-жек спорттары бойынша антидопинг қызметі (CSAD) спортшының 21 ақпанда алынған сынамасынан тыйым салынған диуретик — гидрохлоротиазидті анықтаған. Дәл осы күні Ідірис Оде Осборн қарсыласын төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Спортшының өзі 19 ақпанда салмақ қуу кезінде ресми өлшеуден өту үшін осы препаратты қолданғанын мәлімдеді. Алайда Идиристің CSAD-пен ынтымақтастық танытқанына қарамастан, бұл жаза мерзімін қысқартуға немесе уақытша тоқтатуға әсер етпеді. Себебі ұйым оның жекпе-жек аптасында әдейі тыйым салынған зат қолданғанын және соның арқасында салмақ лимитіне сыйып, артықшылыққа ие болғанын атап өтті.

Қазіргі таңда Техас штатының атлетикалық комиссиясы Ідірис пен Осборн арасындағы жекпе-жектің нәтижесін өзгертіп, «өтпеген жекпе-жек» деп тануы мүмкін, алайда әзірге ресми шешім жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Әліби Ідірис UFC тарихында допинг-тесттен өте алмаған алғашқы қазақстандық файтер атанды.